Ғарышта бір уақытта жүрген адамдар саны бойынша рекорд орнатылды

🌐 В мире
16.09.2021
Просмотров: 224

Бүгін Space X компаниясы Жер маңайындағы орбитаға туристерді жібергеннен кейін, ондағы адам саны 14-ке жетті.

Қазір халықаралық ғарыш станциясында 7 ресейлік, 3 америкалық және бір жапониялық пен бір француз ғарышкері бар. Сонымен қатар, Space X-тың Crew Dragon ғарыш кемесінде төрт турист бар. Бұдан бұрыңғы рекорд 1995 жылы орнатылған еді. Ол кезде «Мир» станциясында 6 ресейлік ғарышкер мен «Индевор» шаттлында жеті америкалық астронавттар болған еді. Еске салайық, бүгін SpaceX ғарышқа алғашқы туристерін жіберді. Олардың 575 шақырым биіктіктегі сапары 3 күнге созылмақ.

Дереккөз: РИА Новости 

Так же вам может быть интересно