Ғалымдар ақылды сағат пен смартфонды зарядтайтын киім ойлап шығарды
Технологияның авторлары — Элина Илен есімді дизайнер мен Финляндиядағы Аалто университетінің физиктері. Олар күн панельдерін киімге кіріктірді.
Кез келген матадан тігілген киім – вискоза, полиэстер болсын — зарядтау құралына айналады. Панельдер күн сәулесінен де, жасанды жарықтан да энергия алады. Мұндай киіммен күн астында 4-5 сағат жүрсең, смартфонның аккумуляторын толығымен зарядтауға болады.
Дереккөз: Fastcompany