Футболшы жаңа клубқа өту үшін үйлену тойына өзінің орнына ағасын жіберді
27 жастағы Мохамед Буйя Турейдің тойы Сьерра-Леонеде өтті. Алайда оның қалыңдығының жанында жігттің өзі емес, ағасы тұрды.
Себебі швециялық Мальме клубының басшылығы топтың жаңа ойыншысынан Швецияға ертерек келуін өтінген. Жігіт мансабына қатер төндіргісі келмей екі жаққа да үлгеруді ұйғарған. Той фотоларын жұп алдын-ала түсіріп қойды.
Дереккөз: Oddity Central
Фото: Instagram/@buyaturay.19