Футболдан әлем чемпионаты-2022: Қазақстан іріктеу сатысында Босния және Герцоговинамен тең түсті
Зеницада өткен кездесуде алаң иелері фаворит болған. Алайда матч 2:2 есебімен аяқталды.
Матч есебін 62-минутта Исламбек Қуат ашты. Босниялықтар 12 минуттан кейін есепту теңестірді. Миралем Пьянич пенальтиден гол салды. Ал 86-минутта алаң иелері алға шықты: Лука Менало баспен дәл соққы жасады. Бірақ матч соңына дейін Бақтиер Зайнутдинов есепті теңестірді. Бұл ойыннан кейін Қазақстан құрамасы үш ұпаймен D тобында бесінші орында тұр. Төртінші орындағы босниялықтардың да үш ұпайы бар.
Дереккөз: Tengrinews
Фото: Olympic.kz