Франциялық студенттер сағыздан скейтборд дөңгелектерін жасайды
Нант тұрғындары қалада сағызды жинауға арналған тақталар орнатты.
Өтіп бара жатқан адамдар оған сағыздарын жабыстырып кетеді. Ал жас өнертапқыштар оларды жинап алып, ұсақтап, арнайы жабыстырғыш заттарға қосады. Шыққан қосындыны балқытып, дөңгелектер жасайды. Бір дөңгелекті шығару үшін 30 сағызға дейін қажет.