Францияда көпбалалы үй тазалайтын қызметші парламентке депутат болып сайланды
Рашель Кеке Франция парламентіне кірген алғашқы үй қызметшісі атанды.
47 жастағы Кот-д’Ивуар тумасы сайлау барысында бұрынғы спорт министрі Роксана Марасинянаны басып озды. Бес баланың анасы 2019-2021 жылдары Париждегі қонақ үй қызметкерлерінің митингісіне қатысып, сайлаушылар арасында танымалдылыққа ие болған. Кеке өзгелермен бірге айлық жалақының көтерілуі мен еңбек шарттарын жақсартуды талап еткен.
Дереккөз: ТАСС