Final: Энрике Иглесиас соңғы альбомын шығарып, әншілік мансабын аяқтамақшы

🎼 Музыка
06.09.2021
Просмотров: 175

46 жастағы әнші өз Инстаграм парқшасында Final атты альбомының шығатынын және ол оның соңғы туындысы болуы мүмкін екенін жария етті.

Энрике әншілік мансабын аяқтау туралы шешім аяқ асты емес екенін айтады. Бұл туралы әнші 2015 жылдан бері ойлап жүр екен. Жаңа және соңғы альбом екі бөлімнен тұрады деп жоспарлануда. Қазір Энрике Рики Мартин және колумбиялық әнші Себастьян Ятрамен бірге әлемдік тур ұйымдастырмақшы. Еске салайық, Энрике Иглесиастың алғашқы альбомы 1995 жылы жарық көрді. Жалпы испаниялық әнші 10 альбом шығарды. Олар 116 рет платина және 227 рет алтын дәрежесіне жетті.

 

 

Так же вам может быть интересно