Facebook сурет пен видеодағы бет-әлпетті тану функциясынан бас тартады

🔬 Наука и технологии
03.11.2021
Просмотров: 107

Өзгерістер енгізілгеннен кейін бетті тану функциясын рұқсат еткен қолданушылар енді анықталмайды және басқалардың фотолары мен видеоларында бар екені туралы хабардар болмайды.

Жаңа фотоны жүктеу кезінде Facebook басқа қолданушыны белгілеуді ұсынбайды. Еске салайық, бет-әлпетті тану функциясы Facebook-та 2011 жылы пайда болды. Жүйе қолданушының рұқсатынсыз фотодағы адамдарды тануды үйренді. Қолданушылар бұл функция компанияға биометриялық деректерді жинау үшін қажет деп шағымданған еді.

Дереккөз: Facebook блогы

Метки: Facebook

Так же вам может быть интересно