Facebook атауын өзгертеді
Компания әлеуметтік желі шегінен тыс шығып, «метағаламды» құруға бағытталды. Бұл виртуалды ортада VR технологиясын қолдана отырып, адамдар ойнайтын, жұмыс істейтін және қарым-қатынас жасай алатын онлайн әлем болмақ.
Марк Цукербергтің айтуынша, «метағалам» шығармашылық адамдарға, қала сыртында өмір сүріп, жұмыс істегісі келетіндерге, сондай-ақ білім алуға үлкен мүмкіндіктер беретін виртуалды әлем. Дереккөздердің мәліметінше, Facebook Instagram, WhatsApp тәрізді бас компанияның бөлімшесіне айналады. Әзірге Цукерберг компанияға қандай атау ойлап тапқаны белгісіз. Бұл туралы ол келесі аптада хабарлайды деп күтілуде. Еске салайық, жақында Facebook метағалам құру үшін 10 мың жаңа қызметкерді жалдайтыны туралы хабарлаған болатын.
Дереккөз: The Verge