«Еуропа, қазақ киносын күт»: Қазақстандық «Бақыт» фильмі Францияда көрсетіледі
Авторлық фильмдердің прокатымен айналысатын AXOON атты франциялық компания қазақстандық фильмді көрсету құқығын сатып алды.
Қуанышты хабармен картинаның продюсері Баян Мақсатқызы бөлісті. «Бақыт» фильмінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің тағдыры баяндалады. Баян Алагөзова оны түсіру үшін былтыр краудфандинг жариялаған болатын. Еске салайық, «Бақыт» фильмі сондай-ақ Берлин кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына кірді.