Еуропа мен Түркия қазақтары Парижде пандемиядан кейін алғаш рет бас қосты
Франция астанасында Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Жиынға Еуропалық Одақ аймағында тұратын қандастарымыз бен Түркия және Қазақстаннан делегациялар қатысты.
Пандемиядан кейін алғаш өтіп жатқан елеулі шараға мыңға жуық адам жиналды. Еуропалық қазақтар үшін құрылтай — ерекше маңызды іс-шара. Мұндай жиындардың мақсаты — ұлтымыздың төл мәдениетін сақтап, ұлықтау. Отандастар қорының мәліметіне қарағанда, қазір тарихи отаннан жырақта жүрген қазақтардың саны 8 миллионнан асады.
Дереккөз: Хабар 24
Фото: кадр 24.kz