Еуроодақ барлық гаджеттерге біркелкі зарядтау құрылғысын қолдану туралы заң қабылдады
2024 жылдан кейін барлық электронды құрылғылар USB Type-C-ге сәйкес келуі шарт болады.
Бұл біріншеден тұтынушыларға ыңғайлы, екіншіден экологияға тигізетін кері әсерді азайтады. Себебі, қажетсіз кабельдер бұдан былай шығарылмайды және қалдықтардың көлемі жылына 11 мың тоннаға азаяды. Заң негізінен Apple компаниясына тиімсіз, себебі оның зарядтау құрылғылары жарамсыз болып қалады.
Дереккөз: DW
Фото: Pexels