«Ессіз Макс: Қаһарлы жолдың» приквелы шығады

🎬 Кино
20.04.2021
Просмотров: 175
фуриоса

«Фуриоса» атты фильмнің түсірілімдері жақын арада Австралияда басталады.

Басты рөлді – жас Фуриосаны — Аня Тейлор-Джой сомдайды. Ол «Патшайымның гамбиті» фильмінен кейін танымал болған актриса. Кинокартинаның премьерасы 2023 жылға жоспарланған. «Фуриоса» Австарлиядағы ең ірі киножоба болмақ. Түсірілімдер кезінде 850-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі. Фильм ел экономикасына 350 миллион доллар әкеледі деп күтілуде. Еске салайын, «Ессіз Макс:Қаһарлы жол» 2015 жылы шықты. Сюжет бойынша, ресурстар үшін жүргізілген соғыс әлемдік өркениеттің құлдырауына әкеледі. Апокалипсистан кейінгі Австралияда жабайы бандалар  басшылық етеді. Фуриосаның рөлін Шарлиз Терон сомдады. Фильм әлемдік прокатта $378 млн жинады.

«Ессіз Макс:Қаһарлы жол»
«Ессіз Макс:Қаһарлы жол»

Так же вам может быть интересно