Ешқашан кеш емес: 70 жастағы қазақстандық алтын тойына алғаш рет қалыңдық көйлегін киіп, гүл шоғын лақтырды
Отасқандарына 50 жыл болған қазақстандық ерлі-зайыпты күйеу жігіт пен қалыңдық кейпіне енді. Ерекше тойдың видеосы TikTok-та жария болды.
Той иелері 69 және 75 жаста. Қалыңдық кезінде келін болып түскенде ақ көйлек кимеген және бұл туралы әрқашан армандап келген. «Алтын той» кезінде ерлі-зайыптылар вальс билеп, тіпті қалыңдық қолындағы гүл шоғын лақтырған. Видеоны көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін аямай, анасының арманын орындаған балаларына ризашылығын білдірді.
Дереккөз: Nur.kz