Ерлердің 22%-ы қыздың жалақысы екі адамға жететін болса, жұмыстан кетуге дайын — сауалнама
Ерлердің 22%-ы жұмысты тастап, үй шаруасымен айналысуға дайын. Бұл туралы танымал танысу сервистерінің бірі жүргізген сауалнамадан кейін белгілі болды.
Респонденттердің екінің бірі табысы айтарлықтай жоғары қызбен кездесуге қарсы емес. Олардың айтуынша, қыздың жоғары жалақысы олардың еркектік қасиетіне әсер етпейді. Ал қыздар басқаша ойда — респонденттердің 70%-ға жуығы табысы төмен жігіттің қасында ішкі ханшайымды көрсету мүмкін емес екеніне сенімді.
Дереккөз: Daily.Afisha