Ересек жігітке ұқсайтын 12 жастағы спортшы Желі қолданушыларын таңғалдырды
Иеремия Джонсон Даллас қаласының футбол клубында өнер көрсетеді. Жақында ол Желі жұлдызына айналды. Алайда спорттағы жетістіктері үшін емес, сыртқы келбеті үшін.
Жасөспірім өз жасынан әлдеқайда үлкен көрінеді.
«Бұл бала 22 жастағы жігітке ұқсайды. Әрі кетсе 17-21 жас аралығында деуге болады. Бірақ 12 емес»,
деп жазды Желі қолданушылары.
«Туу туралы куәлігін көрмейінше сенбеймін»,
дегендер де бар. Және күмәнданушыларды түсінуге болады: Иереминяың бойы 180 см, салмағы – 90 келі, оған қоса мұрты да бар.
Дереккөз: Oddity Central