Енді дорамаларда түсе алады: Қазақстандық қыз Оңтүстік Кореяда өтке байқауда жеңіске жетті

👠 Мода и стиль
02.12.2021
Просмотров: 112

14 жастағы Снежанна Ли International Super Queen Korea байқауының жеңімпазы атанды. 1000 бала қатысқан халықаралық байқауда Снежанна Қазақстанның жалғыз өкілі болды.

Снежанна алтын кубок пен бір миллион вон (400 мың теңге) жеңіп алды. Сондай-ақ жасөспірім сән агенттігімен түсірілімдерге және дорамаларға түсуге келісімшарт бекітті. Снежаннаның отбасы үш жыл бұрын жұмыс бабымен Оңтүстік Кореяға көшкен. Байқауда Ақтөбе тумасы  қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін паш етті. Әділ қазылар алқасы қазақтың ұлттық көйлегіне,  «Қамажай» биіне және Снежаннаның бірнеше тілде сөйлеуіне тәнті болып, оған бірауыздан  дауыс берді.

Дереккөз: Диапазон 

Так же вам может быть интересно