Элвис Пресли туралы фильмнің алғашқы трейлері шықты

🎬 Кино
21.02.2022
Просмотров: 156

Байопиктің режиссері «Ұлы Гэтсби» және «Мулен Ружды» түсірген Баз Лурман.

Рок-н-ролл патшасының рөлін 30 жастағы америкалық актер және модель Остин Батлер сомдайды. Ал оның агентінің рөлін Том Хэнкс ойнайды. Фильмнің әлемдік премьерасы 24 маусымға белгіленген. Айта кетейік, Элвистің рөлін сомдаған Остин Батлер Синди Кроуфордтың қызы Кайя Гербердің жігіті. Ал Элвистің алғашқы сүйіктісін ойнаған Наташа Бассетт Илон Масктың жаңа махаббаты.

Так же вам может быть интересно