Елордада «Менің атым Қожа» кейіпкеріне арнап ескерткіш ашылды

«Қожа»– әрбір адамның балалық шағының сүйікті кейіпкеріне айналған. Сондықтан салтанатты іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жетісу» саябағында өтті.
Ескерткіштің жалпы биіктігі – 183 см, ол қоладан және граниттен жасалған. Жұмыс үш айға созылған. Жазушының қызы Самал Соқпақбаеваның айтуынша, Қожа есімді кейіпкер ұлттық қаһарманға, ұжымдық, ұлттық бейнеге айналды. Ол мейірімділігімен, батылдығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ерекшеленеді, — деді ол.
Дереккөз: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі