Елизавета II патшайымның кішкентай кезін бейнелейтін сирек қуыршақ аукционға қойылды
Үш жастағы Елизаветаның кейіпінде жасалған фарфор қуыршағы 1929 жылы арнайы тапсырыспен шығарылған.
Алайда, болашақ патшайымның анасы Елизавета Боуз-Лайон қуыршық тым толық, ал оның аяқтары тым қысқа деп ұнатпай қалған. Сондықтан ойыншық тиражға шыққан жоқ. Ал оның бірнеше данасы жеке коллекционерлердің қолына түскен. Қуыршақ аукционда кем дегенде 40 мың фунт стерлингке (23,5 мың теңгеге) сатылады деп күтілуде.
Дереккөз: Daily Mail