Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусаны екі сетте 7:5, 6:1 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат, 34 минутқа созылды. Енді финалға шығу үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі. Еске салайық, бүгінге Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иегерлері атанды.
Дереккөз: Olympic.kz