Елена Рыбакина Олимпиадада үшінші айналымға шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы швециялық Ребекка Петерсонмен кездесіп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді Олимпиада турнирінің ширек финалына шығу үшін Рыбакина Арина Соболенко — Донна Векич жұбының жеңімпазымен кездесуі керек. Және осы минутқа келіп түскен тағы бір жақсы жаңалық: қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. 73 келіге дейінгі салмақта ол армениялық Фердинанд Карапетянды жеңді. Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынында екі жүлде бар. Дзюдошы Елдос Сметов пен ауыратлет Игорь Сон қола медаль иегерлері атанды.
Дереккөз: Tengrinews