Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді

Қазақстанның үздік теннисшісі Australian Open чемпионатының финалына дейін жетіп, WTA рейтингінде 25-ші орыннан 10-орынға көтерілді.
Әйелдер теннисі қауымдастығының жаңартылған рейтингінде Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады. Ал жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.
Еске салсақ, Аустралияның ашық чемпионаты финалына шыққаны үшін Елена Рыбакина $1,2 млн (500 млрд теңге) көлемінде сыйақы алды.
Дереккөз: kaz.tengrinews
Фото: eurosport.fr