Екі жасар америкалық IQ көрсеткіші бойынша 146 бал жинады

🌐 В мире
31.05.2021
Просмотров: 59
кеши квест

Бұл ғұлама адамдардың көрсеткішімен тең. Осылайша, Калифорнияның кішкентай тұрғыны әлемнің ең ақылды адамдарына арналған «Менса» ұйымының ең жас мүшесі атанды.

Анасының айтуынша, қызының есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Бір жарым жасында Кеши Квест әріптер мен сандарды танып, түстерді ажырата алған. Қазір кішкентай қыз АҚШ-тың бүкіл 50 штатының картада қалай орналасқанын көрсетеді. Сонымен қатар ол ым тілінің 50 белгісін жаттап алып, испан тілін оқып жүр. Бұдан бұрын «Менса» ұйымының ең жас мүшесі 2 жас 4 айында IQ-тестінен 141 балл жинаған британиялық Адам Кирби болатын.

Дереккөз: Вокруг Света 

 

Так же вам может быть интересно