Эд Ширанның вампир кейіпінде түскен жаңа клипі миллиондаған қаралымдар жинап жатыр

🎼 Музыка
29.06.2021
Просмотров: 103
эд ширан

Британиялық музыканттың жаңа әні «Bad habits» деп аталады. Эд Ширан азу тістер салып алып, көзіне жылтырақ бояу жаққан. Сәнді қызғылт костюм гламурға толы вампирдің бейнесін толықтырады.

Басқа вампирлермен бірге ол қаланың астаң-кестеңін шығарады. Төрт күнде клип 20 миллионға жуық қаралым жинады. Айта кетейік, бұл Эд Ширанның ұзақ демалыстан кейінгі шығарған алғашқы туындысы. Жанкүйерлер оның музыкаға қайта оралуына қатты қуанғандарын айтты.

Так же вам может быть интересно