Джордж Клуни мен Ева Лонгория әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге арналған киномектеп ашады
Ройбал атындағы кино және телевизия мектебі Лос-Анджелесте орналасады. Ол биыл күзде ашылады деп күтілуде.
Киномектепте студенттер дәріс алып, практикадан өтуге мүмкіндіктері болады. Лекцияларды Голливудтың танымал эксперттері оқиды. Сонымен қатар, 9 — 12 сынып оқушылары арнайы тағылымдамадан, яғни стажировкадан өте алады. Еске салайын, былтыр Джордж Клуни қиын-қыстау кезеңде оған қол ұшын берген 14 досына миллион доллардан сыйлады.
Дереккөз: Intermedia