Дженнифер Лопес тағы да тұрмысқа шықты — клипте: Әншінің 10 жылдан кейін алғашқы альбомы шығады
Джей Ло Can’t Get Enough әніне түсірген жаңа бейнебаянының тұсауын кесті.
Бір тәулікке жетпей, клип 600 мыңнан астам рет қаралды. Жаңа бейнебаянында Дженнифер жүрек пішініндес кесінділері бар украиналық FROLOV брендінің той көйлегінде түсті. Трек әншінің 10 жылдан кейін алғаш рет шығатын «This Is Me… Now» альбомына кіреді. Оның релизі 16 ақпанда. Ал әншінің жанкүйерлері Инстаграмда:
«Осы Джей Ло кинода, клиптерде және өмірде қанша рет той көйлегін киіп үлгерді екен?»,
– деп қалжындап жатыр.
Фото: Кадр из клипа