Джейсон Стейтем ойнайтын Гай Ричидің жаңа фильмінің атауы мен қашан шығатыны белгілі болды
Криминалды боевик «Операция Фортуна» деп аталады және оның премьерасы келесі жылдың 27 қаңтарына белгіленді.
Сюжет бойынша, қауіпті технология ниеті арам адамдардың қолына түседі. Қылмыскерлерге қарсы тек Ми-6 агенті шыға алады. Әлем құтқарушысының рөлін әрине Джейсон Стейтем сомдайды. Одан басқа «Операция Фортунада» Джош Хартнетт пен Хью Грант ойнайды.
Дереккөз: Ридус