Дубайдағы EXPO көрмесінің Қазақстан павильоны миллионыншы қонағын қарсы алды
EXPO көрмесінің Қазақстан павильонының миллионыншы қонағы Дубай қаласының 38 жастағы тұрғыны, кәсіпкер Махмуд Әл Бурай болды.
Оған Қазақстанға тегін сапарлауға екі адамға арналған сертификат берілді.Махмуд Әл Бурайдың айтуынша, ол Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Сондықтан біздің елге келу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысатынын жеткізді. Еске салайын, EXPO 2020 көрмесі 31 наурызға дейін жалғасады. Қазақстан павильоны «Әлем бейнесі» арт-жобасымен Гиннестің рекордтар кітабына енді. Туынды бейбітшілік пен бірлікті насихаттайды. Дүниежүзінің әр түкпірінен келген туристер «Әлем бейнесіне» бояу арқылы ұлттық белгілерін қалдырған.
Дереккөз: Қазақпарат