Дубайда биіктігі 725 метрлік зәулім ғимараттың құрылысы басталды
Жаңа нысан Бурдж Халифадан кейінгі әлемдегі екінші биік ғимарат болмақ.
Бурдж Азизи атты жеті жұлдызды кешенде қонақүй, пәтерлер, пентхаустар және демалыс үйлері орналасады. Ол көршілес 830 футтық Бурдж Халифадан кейінгі екінші орынға ие болғанымен, бірқатар әлемдік рекорд орнатпақ. Атап айтқанда, мұнда 126-қабатта әлемдегі ең биік түнгі клуб, 130-деңгейде ең биік көру алаңы, 122-деңгейде Дубайдағы ең биік мейрамхана және 118-деңгейде Дубайдағы ең биік қонақүй бөлмесі орналасады. Құрылысқа 1,6 млрд доллар қаражат жұмсалмақ.
Дереккөз: Mirror