Дубайда әрқашан жаңбыр жауып тұратын көше пайда болады
Көшеде орналасқан қонақ үйлердегі климат-контроль жүйесі арқасында аспаннан жаңбыр ғана емес, қар да жауа алады.
1 шақырымға созылатын көшеде температура әрқашан 27 градус, ылғалдылық 60%, деңгейде сақталады, ал жел сағатына 5 шақырым жылдамдықпен соғады. Ыстық мегаполисте жаңбырлы ауа-райын тамашалағысы келгендер Әлем атты жасанды архипелагта орналасқан қонақ үйлердің бірінде жайғасуы керек, немесе $80 төлеу қажет. Жасанды архипелагтағы отельдер француз стилінде салынған. Айта кетсек, бұған дейін Шарджада «Жаңбыр бөлмесі» ашылды. Онда арнайы датчиктердің арқасында су адамның денесіне тимейді.
Дереккөз: The National News
Фото: Kleindienst Group