Дубайда әлемдегі алғашқы ұшатын қайық құрастырылады
Ол сутегі отыны арқылы судың бетінде қалқып жүреді және қоршаған ортаға зиян келтіретін заттарды шығармайды.
Қайық суда жүзгенде де, ауада да еш дыбыссыз қозғалады. Көліктің су асты қанаттары бар – олар ұшақтың қанаттарына ұқсас. Қайық қозғалысқа енгенде олар толқынды кесіп өтеді. Ұшатын қайық 75 км/сағ жылдамдықпен жүреді және 12 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Ерекше көлік көпшілікке келесі жылы таныстырылады деп күтілуде.
Дереккөз: Ридус