Дуа Липа алғаш рет сүйіктісімен жұп ретінде ел алдына шықты
27-жастағы британиялық әнші мен 41-жастағы француз режиссері Ромен Гаврас Канн кинофестивалі аясында өткен «Көше королі» фильмінің премьерасына барды.
«Грэмми» иегері мен Ромен Гаврастың кездесіп жүргені ақпанда белгілі болды. Жұп Лондондағы сауық кешінен біге қайтқан еді. Дуа мен Роменді ортақ достары таныстырған. Еске салсақ, бұған дейін Дуа Липа екі жыл бойы Джиджи және Белла Хадидтің інісі Анвармен кездесіп жүрді.