Дителық кола, маринадталған қияр мен халапеньо: Дуа Липа таңғаларлық сусын ұсынды
Алдымен Дуа мұзға толы стақанға маринадталған қиярдың тұздығын құяды, содан кейін бірнеше кесілген қияр мен тұздығымен бірге сәл халапенью қосады.
Әншінің реакциясына қарасаң, дәмді сияқты. Бірақ бұл кулинарлық шедеврды тек Дуаның адал жанкүйерлері ішіп көруге дайын шығар. Айта кетсем, Дуа Липа ерекше талғамымен бірінші рет таңғалдырып отырған жоқ. Бұған дейін әнші зәйтүн майы мен теңіз тұзы қосылған балмұздақты ұсынған болатын.
Фото: Instagran/@dualipa
Видео: Tik Tok/@dualipa