Disney Күлбикенің қайырымсыз әпкелері туралы фильм түсіреді
Музыкалық комедияда көрерменге танымал ертегінің жаңа нұсқасы ұсынылады.
Онда Күлбикенің өгей әпкелері Анастасия мен Дризелла Тремейн басты кейіпкерлерге айналып, жаңа қырынан көрінеді. Фильмде апалы-сіңілілердің Күлбике мен Ханзаданың үйленгенінен кейінгі өмірі туралы айтылады.
Айта кету керек, соңғы уақытта екінші пландағы жауыз кейіпкерлер туралы спин-офф түсіру трендке айналып жатқан сияқты. Мысалы, қазір «101 далматин» мультфильміндегі жауыз Круэлла де Виль туралы фильм түсіріліп жатыр. Басты рөлді Эмма Стоун сомдайды.