Димаш Құдайбергеннің индонезиялық жанкүйері қазақтың ұлттық киімдерін тігіп жүр

🇰🇿 Новости Казахстана
14.02.2022
Просмотров: 100

Кики Чан есімді Dimash фан-клубының жанкүйері ұзақ уақыт бойы косплеймен айналысады. Ол өз қолымен комикстердің, аниме немесе манганың сүйікті кейіпкерлерінің костюмдерін жасайды.

Ал қазір ол қазақтың ұлттық мәдениетіне қызығушылық танытып, осы стильде костюмдер тігіп жүр. Бұл сүйіспеншілігінің пайда болуына Димаш себеп болыпты.

«Димаш әрқашан туған елінің мәдениетіне үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Жеке Мен үшін Қазақстан мәдениетінің кереметтігі мен бірегейлігі соншалық, маған Дәстүрлі қазақ костюмін киіп көру немесе қандай да бір ұлттық музыкалық аспапта ойнап көру өте қызықты болды. Қазақстанның сұлулығы менің жүрегімді және бүкіл әлемдегі барлық Dears – тің жүрегін жаулап алды»,

– деді индонезиялық ару.

Дереккөз: dimashnews 

Так же вам может быть интересно