Димаш Құдайбергенге Қазақстанның халық әртісі атағы берілді

🎼 Музыка
24.10.2023
Просмотров: 416

Республика күні қарсаңында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer 2017 шоуына қатысып танымал болды. Димаш «Қазақстанның алтын дауысы» атағына ие болды және оның бүкіл әлемде Dears атты жанкүйерлері бар.

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы отандық мәдениет қайраткерлері, театр және кино актёрлері Д.Ахимов, М.Токарев пен Д.Ақмолдаға, опера әншілері Ш.Абилов пен Т.Күзенбаевқа, әйгілі әншілер Р.Стамгазиев, Д.Құдайберген және күйші А.Үлкенбаеваға берілді.

Дереккөз: Dimashnews

 

 

Так же вам может быть интересно