Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

🎼 Музыка
29.12.2022
Просмотров: 415

Қазақстандық әнші АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны-New York Film Academy-де «Режиссура» мамандығы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтеді.

28 желтоқсанда «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссияның шешімімен 178 қазақстандыққа стипендия берілді.

«Халықаралық стипендия иегерлері әлемнің 20 елінің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында академиялық оқудан және тағылымдамадан өтеді. 93 адам АҚШ университеттерінде, 47 адам Ұлыбританияда білім алады. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі басталды. Негізгі назар инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға аударылады», -деп атап өтті халықаралық бағдарламаның баспасөз қызметі.

Дереккөз: Dimashnews 

 

Так же вам может быть интересно