Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар ұйымының ізгі ниет елшісі болып тағайындалды

📺 Шоу-бизнес
16.02.2024
Просмотров: 302

Қазақстандық әнші Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі болады.

«Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқығы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық»,

— деп мәлімдеме жасады Құдайбергенов. ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым болып табылады. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. ХБҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылғанын еске түсіре кетейік.

Дереккөз: Dimashnews 

Фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash

Так же вам может быть интересно