Димаш Құдайберген алғаш рет Алматыда жеке концертін бермек
«Stranger», яғни «Бейтаныс» атты шоу 23 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді.
«Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын.! Сіздерді асыға күтемін!»,
— деп жазды Димаш Инстаграм парақшасында. Ал әншінің жанкүйерлері қазақ, орыс, ағылшын, португал, испан тілдерінде концертті асыға күтетінін жазды. Тіпті,концертке билеттер сатылымға әлі шықпаса да, Алматыға бару үшін ұшаққа билет алып қойғандар бар екен.