Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанады

🎼 Музыка
28.02.2022
Просмотров: 142

Қазақстандық әнші наурыз-сәуірде бірнеше елде жеке концертін бермек. Бұл туралы ол Инстаграм парақшасында хабарлады. 

Димаш пандемиядан кейінгі алғашқы концертін Дубайда «Кока-кола» аренасында өткізеді. Ол 25 наурызға жоспарланған. 9 сәуірде қазақстандық орындаушы Германияның Дюссельдорф қаласында жеке концерт береді. Ал 16 сәуірде Димаштың концерті Чехия астанасы Праганың ең әдемі және үлкен ареналарының бірі Tipsport Arena-да өтеді.

Так же вам может быть интересно