Димаш Құдайберген ресейлік музыкалық жүлдеге ұсынылды

🎼 Музыка
25.11.2021
Просмотров: 208

Қазақстандық орындаушы «Жыл әншісі» санатында «Виктория» жүлдесі үшін Дима Билан, Леонид Агутин, Jony, Филипп Киркоров сынды әншілермен бірге сайысқа түседі.

Жеңімпазды марапаттау рәсімі 2 желтоқсан күні Мәскеудегі Кремль сарайында өтеді. Димаш жүлдеге «Я скучаю по тебе» әнімен қатысып жатыр. Сондай-ақ Димаштың орындауындағы Ave Maria әні «Жыл композиторы» аталымына ұсынылды. Еске салайық, 2019 жылы Димаш «Виктория» сыйлығын «Жыл жаңалығы» және «Классикалық музыканың үздік орындаушысы» санатынад жеңіп алған еді.

Дереккөз: Tengrinews

Так же вам может быть интересно