Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты ер адамы атанды

🇰🇿 Новости Казахстана
01.10.2021
Просмотров: 185

Қазақстандық әнші K-Pop жанкүйерлеріне арналған King Choice сайтында өткен онлайн дауыс беру нәтижесінде 9,3 млн дауыс жинады. 8,2 млн дауыс жинаған оңтүстіккореялық BTS тобының әншісі Ким Сокджин екінші орын алды.

Топ-3-ке тағы бір оңтүстіккореялық әнші Чха Ын У (1,9 млн дауыс) кірді. Айта кетейік, Димаш Құдайберген — рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Тізімде Корея, Қытай, Тайвань, Гонконг, Таиланд, Жапония, Филиппиннің әншілері мен актерлері бар. Еске салайық, 2017 жылы Димаш Құдайберген тәуелсіз сұлулық сыншылары TC Candler 100 ең сымбатты адамдар тізімінде 76 орынды иеленді.

Так же вам может быть интересно