Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты ер адамы аталуы мүмкін

💎 Селебрити
15.09.2021
Просмотров: 209

Қазақстандық әнші K-Pop жанкүйерлеріне арналған King Choice сайтының рейтингінде екінші орында тұр. Димаш 1 300 000 мың дауыс жинап, тек BTS тобының мүшесі Ким Сокджинды ғана алға өткізді.

Оңтүстіккореялық әнші 1 984 000 дауысқа ие. Үздік үштікке тай актеры Вин Метавин кірді. Азиядағы ең сымбатты ер адам атақ иесі 30 қыркүйекте белгілі болады. Бұл уақытқа дейін Димашқа kingchoice.me сайтында дауыс беруге болады. Ол рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Тізімге қытайлық, кореялық, жапон, филиппин және Таиланд әншілері мен актерлары кірді. Айта кетейік, 2019 жылы Димаш Құдайберген танымал TC Candler 100 тізіміне енген болатын.

 

 

Так же вам может быть интересно