Димаш Құдайберген 2 жылдан кейін Қытайға қайта оралды

💎 Селебрити
29.09.2021
Просмотров: 296

Қазақстандық әнші әлемдік шоу-бизнестегі жұмысын жалғастырмақшы. Димаш барлық елдердегі концерттік шаралар мен телевизиялық жобаларға қатысатынын айтты.

«Достар, сіздермен жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Екі жылдан кейін әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру мақсатында  Қытайға қайта оралдым. Халықаралық карантин салдарынан біз бұл кездесуді екі жыл бойы күттік. Бір ай бойы мен оқшаулануда болдым және сол уақытта көптеген жоспарларды дайындап қойдым. Олардың барлығын біз командамызбен бірге Қытайда жүзеге асырамыз. Мен әлемнің барлық елдеріндегі түрлі концерттік шаралары және телевизиялық жобаларына қатысатын боламын (ол елдерде карантин салдарынан концерттерге тыйым болмаса). Әлемдегі карантин менің жоспарларымды айтарлықтай өзгертті. Алайда, осы сәттен бастап мен сіздерді өз шығармашылығыммен одан бетер қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін»

— деп жазды Димаш Инстаграм парақшасында. Әншінің жанкүйерлері оған қолдау білдіріп, сәттілік тіледі. Димаш Қытайға оралғаннан кейін алғашқы концертін беріп үлгерді. Қазақстандық әнші Бейжіңдегі студенттік кинофестивальда Screaming әнін орындады.

 

 

Так же вам может быть интересно