Димаш Құдайбергеннің экшн жанрындағы бейнебаяны жарыққа шықты
Бейнебаянның режиссері украиналық Радислав Лукин. Түсірілімдер Алматыда өтті.
Димаш қауіпті трюктерді орындауды ұнатады екен. Сондықтан жаңа бейнебаянды экшн мен төбелес көріністерге толы жанрлық кино сияқты түсіру идеясы пайда болды. Бірнеше күннің ішінде «Be With Me» бейнебаяны YouTube-та 800 мыңға жуық қаралым жинады.