Диана ханшайымның той көйлегі көрмеге қойылады

👠 Мода и стиль
28.04.2021
Просмотров: 189
диана

 Ол осы жылдың 3 маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Кенсингтон сарайының жылыжайында көпшіліктің алдына шығады.

Етегі 25-метрлік үйлену көйлегін британиялық  Элизабет және Дэвид Эмануэль есімді модельерлер шығарды. Оның етегі Чарльз ханзаданың үлкен әжесі Марияға тиесілі көне шілтерден тігілген. 10 000 інжумен көмкерілген піл сүйегі түстес көйлектің құны 9 мың фунт стерлингке бағаланады. Бұл теңгеге шаққанда 5 миллионнан асады. Еске салайын, Диана мен Чарльз ханзаданың үйлену тойы 1981 жылы өтті.

Той көйлегінің 25 метрлік етегі көне шілтерден тігілген

Так же вам может быть интересно