Депутат қазақстандық көпбалалы аналардың тісін тегін емдеуді ұсынды

🇰🇿 Новости Казахстана
07.03.2024
Просмотров: 108

Ерлан Сайыровтың айтуынша, елімізде бала туғаннан кейін берілетін жәрдемақы бар.

Оның мөлшері 1-3 балаға – 140 мың теңге, төрт және одан көп балаға 232 мың теңге. Бірақ бұл – әйелге өтемақы емес, баланың күтіміне берілетін сома. «Ана бала көтергенде кальцийді көп жұмсап, өзінің тісінен айырылатыны – медициналық факт. Көпбалалы атанған 543 мың әйелдің барлығының басында бар зор проблема – тістің түсуі. Сондықтан көпбалалы аналарға тісін жөндеу үшін бір реттік қаржылық төлем қалыптастыру қажет», – деп санайды мәжілісмен.

Дереккөз: Stan.kz 

Так же вам может быть интересно