Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атанды

⚽ Спорт
24.12.2021
Просмотров: 216

Облыс әкімі Ғали Есқалиев боксшыға лента мен төсбелгі табыс етті.

Батыс Қазақстан тумасы Данияр Елеусінов 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанды. Бұл жеңіске орай Оралдағы Оқушылар сарайында Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылды. Жақында Нұр-Сұлтанда Данияр аргентиналық Хуан Эрнан Леалды жеңіп, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанды. Одна бұрын бұл атаққа бес қазақстандық қол жеткізді: Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов пен Бейбут Шуменов.

Дереккөз: kaz.tengrinews

Так же вам может быть интересно