Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанды

⚽ Спорт
20.12.2021
Просмотров: 112

Қазақстандық боксшы Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпқой бокс кешінде аргентиналық Хуан Эрнан Леалды жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Елеусінов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Данияр Елеусінов әлем чемпионы титулына қол жеткізген бесінші қазақстандық атанды. Оның алдында бұл атаққа Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов пен Бейбут Шуменов ие болды.

 

Так же вам может быть интересно